Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұйымдастыруымен Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай тұлғаның шығармаларына арналған рухани шара болып өтті.
Шара барысында мешіт дін қызметкері аймақтың студент жастарымен кездесу өткізіп, тәрбие танымдық отырыс ұйымдастырды. Сондай-ақ, жастарға Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларындағы имандылық, ибалық, ұлтқа қызмет ету, білім алудың артықшылығы тақырыптары аясында насихат айтты. Сонымен қатар, жастардың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі