Қушоқы ауылының оқушыларына уағыздар насихатталды

IMG-20141125-WA0005Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен бірқатар шаруалар атқарылуда. Жоғарғы оқу орындары мен білім беру мекемелерінде Ислам дініне еш қатысы жоқ өзге ағымдардан сақтану жайында түсіндіріліп келеді. Әсіресе экстремизм мен терроризмнің теріс әрекетттерін оң солын танып үлгермеген жас буындарға байыппен түсіндіру шаралары ауадай қажет екені анық. Осындай мақсатпен «Ислам — экстремизм мен терроризмге түбегейлі қарсы» тақырыбында Қушоқы ауылындағы орта мектепте кездесу өткізілді. Арнайы ұйымдастырылған бұл жиынға Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Серік Құрманов барып қайтты. Жастарға жоғарыда айтылған өзекті мәселені тарқата айтып, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар берілді. Сондай-ақ наиб имам С.Құрманов әсерлі уағыздардан соң: «Халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері мен асыл да қасиетті дініміздің құндылықтарын қастерлеп, әрқашан әрбіріміздің жүрегімізде болса нұр үстіне нұр болар еді» — деп өз сөзін аяқтады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін