Игі істің бастауы Исламда!

IMAG1019Мейрімі шексіз Алла Тағаланың қалауымен, Қарағанды облыстық орталық мешітіне Марина есімді орыс азаматшасы келіп, мешіт имамдарына Ислам дінін қабылдағысы келетінін жеткізді. Мешітке өзінің ерік-жігерінің жетегінде келген Маринаға мешіттің наиб имамы Серік Құрманов кәлима-шаһадатты қайталап айтқызып, Ислам құндылықтарын оның ішінде әйел адамдарының орындайтын амалдары жөнінде кеңінен мәлімет беріп түсіндірді. Исламды қабылдағын Марина өзінің жасаған қадамына дән риза, бұл жаңалығына да бізде қуаныштымыз! Алла Тағала баршамызға өзінің разылығын алатын амал істеуімізді және пенделеріне тура жол нәсіп етсін! Әмин.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін