Ер есімі ел есінде(ФОТО)

Ұлы Отан соғысында ел мен жерді қорғап, шейіт болғандардың рухына Құран оқып, дұға бағыштау, ерлігін насихаттау бүгінгі ұрпақ парызы.  Осындай ізгіліктің жолымен Қарағанды облыстық орталық мешіт кітапханасында ұлы жеңістің 70 жылдығына  орай   «Ерлікке - тағзым» тақырыбымен  іс-шара өткізілді.

Шара барысында  ерлікпен қаза тапқан батыр тұлғаларымыз еске алынып, өнегелі істері, өмір жолдары дәріптелді. Сондай-ақ, соғыс жылдары туған әндердің бірқатары орындалып,  өлеңдер жатқа оқылды.

 Отаны үшін от кешкен арда азаматтардың қайсарлығы  дәріптеліп жеңіске жеткен күллі мемелекет мерекелеуде. Мереке мерейі тұғырлы болсын!

[gallery link="file" columns="2" size="medium" ids="16515,16516,16517,16518"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін