Діни  сауат ашу  курсының  I-ші тоқсаны аяқталды(ФОТО)

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйырығы бойынша, еліміздегі әр  өңірінде мектеп жасындағы  балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану үшін, діни сауат ашу курстары ұйымдастырылған  болатын. Міне бүгін маусым айының 02-16-сы күндері аралығында өткізілген курс өз мәресіне жетіп, дәрістер соңы зор жетістікпен аяқталды. Өкіл имамның  бастамасымен балалар 15 күнде  үйренген ілімдерін ортаға салумен қатар салтанатты шараға қатысты.

Бұл шарада Құран оқудың озаты мен  өнегелі өлеңдерді нақышына келтіре орындаған балаларға, аз ғана уақыттың ішінде бірқатар дұғаларды, сүрелерді жаттап алған бүлдіршіндерге  мешіт атынан алғыс хат пен бірнеше кітіптар сыйға тарту етілді. Шара соңы мешіт асханасында дәмді астың дастрханында жалғасты.

         Әне-міне дегенше  өте шыққан 2 аптада балалар Құран әліппесін, Иман негіздерін, Пайғамбарымыздыңи өмірбаянын, көркем мінез, әдептілік бойынша дәрістерге барын салып қатысып, кинотеатрға, зообаққа мешіт ұстаздарымен барды. Ал, спорттың бала ағзасына пайдасы мол екені анық, осы ретте балалар мешіт алаңында ойынның  сан түрлісін ойнап, уақыттарын қызықты етіп өткізді.  Балалардың тәлім-тәрбиесіне, жалпы зейініне   айырықша әсер ететін діни сауат ашу курсына ата-аналар ҚМДБ-ға, мешіт ұжымына алғыстарын білдіруде.

Қарағанды облыстық орталық мешіті

[gallery link="file" size="medium" columns="2" ids="17243,17244,17245,17247,17248,17249,17250,17251,17253,17254"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін