Тасқыннан зардап шеккендерге тағы да көмек көрсетілді

Бас мүфтидің үндеуін басшылыққа алған өкіл имам Өмірзақ қажы Арқа жеріндегі ағын су апатынан зардап шеккендерге де көмек қолын созуды дін қызметкерлеріне міндеттеген болатын. Осы орайда отыз күн оразаның құрметіне отыз отбасына күнделікті қажетті құнарлы азық-түлік салынған қапшықтар таратылды. Мешітке келуге жағдайы келетіндерді шақыртумен алдырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға көлікпен жеткізіліп берілді. Сонымен қатар, осы хайырлы істі жүзеге асыра отырып, №1-мешіт ұжымы тасқын судан зардап шеккендердің отбасыларына арнайы барып азық-түлікпен жәрдем көрсетті. Атап айтқанда, Жұмабек ауылындағы бес отбасына бас имам Орманбет қажы арнайы зиярат жасап, олардың бүгінгі ахуалымен танысып, құлаған үйлерінің орнына мемлекет қамқорлығының арқасында салынып жатқан жаңа баспаналарына Алладан жеңілдік тілеп бата жасап қайтты.

   Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" size="medium" ids="17441,17442,17443,17444,17445,17446,17447,17448,17449"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін