Айт мерекесінде атқарылған қайырымды іс

 Шет ауданының халқы бүгін Ораза айт мерекесін дүбірлетіп тойлатып жатыр. Әрбір мешітте айт намазы оқылып, уағыздар айтылуда. Аудан тұрғындары бір-бірінің үйіне қонаққа барып, айт дастарханынан дәм татуда. «Жанқұтты би» мешітінде де таңертеңгілік 7:30 – да айт намазы оқылды. Бас имам Берік қажы Алпысбайұлы мешітке жиналған жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтап, уағыз айтты. Қариялар елге тыныштық тілеп, бата берді. Мешіт тарапынан өңір тұрғыны, қолы кеміс балаға кілем сыйға тарту етілді. Осы секілді қайырымдылық шаралары алдағы күнде де өз жемісін бермек.

«Жанқұтты би» мешетінің баспасөз хатшысы

Шет ауданы

[gallery link="file" size="medium" ids="17984,17985,17986"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін