Дініміз бен діліміздің тазалығы насихатталды

Бүгінде дін атын жамылып, оны өз мақсаттарына бетперде етіп ұстанатын жат ағымдардың алдын-алу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Осы тұрғыда Қарағанды облыстық кіріс басқармасындағы қызметкерлер арасында діни ақпараттық түсіндіру жұмыстары аясында Қарағанды қалалық №1-мешітінің наиб имамы Байсенбаев Хайролла қатысты. Наиб имам өз кезегінде хақ дініміздің адамзат баласын алға сүйреп, адамгершілік қағидаттарды қамтитын, ұлтаралық тұтастық пен дінаралық татулықтың қайнар көзі екендігін айқындап айтып берді. Исламнан ілік іздейтін сыңаржақ түсініктерден арылып, ел мүддесі мен дін туралығына бағыттап, көркем мінез бен мейірім ұғымдарын да қамтып өтті. Жиынға қатысқан кісі аз болса да, ауқымды мәселе айтылған басқосу өз мәнінде өтті.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery ids="18539,18540,18541"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін