Жамылғы сыйға тартылды

Бүгінде жақсылыққа жаны құмар игі ниетті жандар ел арасында көптеп кезедеседі. Алла тағала пендесіне сауапты теріп жинауға мол мүмкіндік те беріп қойған. Тек, ретін тауып сауапты жинай білуге ынта мен амал үйлессе болғаны. Халқымыз «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді.Осындай ізгі ниетті жандардың қатарынан табылып жүрген азаматымыз Иманов Төлеубектің мешітке ұдайы келіп, жамағатпен бірге жасап жүрген жақсылықтары орасан зор. Бүгінгі атқарған қайырымдылық шарасы қалың көпшілікті қуантып отыр. Ол өз қаражатына «Жанқұтты би» мешітіне әйелдерге арналған жеті жамылғыны сыйға тарту етті. Енді жол үстінде мешітке кірген жандар жамылғыны еркін пайдалана алады. Сондай-ақ неке қидыруға келген жастар да игіліктеріне жарататын болады. Ислам дінін қабылдауға келген немесе дін туралы ақпарат білгісі келген жандарға әйел кісінің киімі жабық болу қажеттігін түсіндіргенде де осы жамылғыны көрсетіп, әйел кісінің әдебін ұқтыруға да мүмкіндік туып отыр. Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Сендерден жақсылыққа шақыратын, сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне, солар құтылушылар» (Әль-Имран», сүресі, 104-аят) дегендей, жақсы іспен үлгі болып жүрген жамағатқа мешіттің бас имамы Берік қажы Алпысбайұлының және мешіт жамағатының шын алғысымызды білдіреміз.

«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="18862,18861"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін