Діни дүниетаным орыс тіліндегі дәрістермен жалғасуда

Дініміздің асыл құндылықтарын жан-жақты түсіндіру барысы жолға қойылды. Орыс тілінде жүргізілетін дәрістерге қатысуды қажетсінетін жамағатқа әр жексенбіде Қарағанды №1-мешітінде бесін намазынан соң «Бала қажы» мешітінің ұстазы Қайрат Серкебай көшпелі түрде дәріс жүргізіп келеді. Ұғынықты жүргізілетін дәріске қатысушылардың саны күн санап артуда. Құран Кәрім мен ақида, фиқһ тақырыптарында өтетін дәрістер тұрақты өткізіледі. Ұстаз ұлағаты мен ислам мұраттарына қанығуды парыз деп санайтын жамағаттар әрбір дәрістен соң, ағымдарға қатысты сұрақтардың да жауабын алып отырады. Бұл үрдіс бас имам Орманбет қажы Болатұлының тікелей басшылығымен жүзеге асуда.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="18920,18921,18922"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін