Бұрма ауылында құрбан айтқа дайындық барысы пысықталды

Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Маханбетчин Берік қажы жұма күні Бұрма ауылдық мешітінде «Қасиетті құрбан айт» тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, жұма намазын өткізді. Намаздан соң мешітке жиналған жамағатқа Ислам әлеміндегі қастерлі айдың бірегейі Құрбан айттың ерекшелігі мен осы күнгі әдептер, құрбан шалудың тәртібі мен оның сауабы турасында сұхбат жүргізді. Мешіт молдалары мен қызметкерлеріне құрбандық шалудың әдептерін ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Мереке қарсаңында және айт күндері ауыл-аймақты таза ұстап, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен қарым-қатынасты нығайту қажеттігін де еске салып өтті. Жалпылама өткен жиыннан соң мешіттің шаруашылық барысы да қаралды. Бас имам мешіттің құрбан айт алдындағы жоспарланған іс-шаралары мен қысқы маусымға дайындықтарын мұқият қарап, бірқатар тапсырмалар берді. «Қыс қамыңды жаз ойла» дегендей, қақаған қыстың ызғарына төтеп бере алатындай жағдай қазірден жасалуы қажеттігі ескерілді. Ауыл ақсақалдары бас имамның уағыздары мен жанашырлық танытып келгеніне разылығын білдіріп, бата беріп шығарып салды. «Жанқұтты би» мешітінің баспасөз хатшысы [gallery link="file" ids="19013,19014,19015,19016"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін