Қайырымдылық – қайырлы іс

Бұқар жырау ауданы «Жыржыс қажы» мешітінің ұйымдастыруымен Құрбан айттың құрметіне «Жаратқанға құрбан шалып жақында» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті. Құрбан айтқа арнайы сойылған екі ірі қара мал мен он төрт қой еті, бір тонна ұн мен екі тонна картоп отбасылық жағдайы төмен 86 жанұяға таратылды. Аудан әкімі Н.С.Көпжанов өз жанұясы атынан бір ірі қара, аудан мекеме басшылары атынан бір ірі қара мен он қой сойып, қасиетті мерекеде қайырымды іс жасады. Мешіт жанынан тігілген киіз үйде ас беріліп дін мен дәстүрдің сабақтастығын дәлелдейтін ұлттық ойындардан жарыс өтіп, жеңімпаздарға марапаттау мен сыйлықтар берілді.

[gallery link="file" ids="19348,19349,19350,19351,19352,19353,19354,19355,19356"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін