Кәсіпкерлермен руханият жайлы сұхбат өткізілді

Жомарттық – байлықтың, әсірелілік пен шашып-төгудің көрінісі емес, ақ пейілді мырзалықтың нышаны. Мешіттер тарапынан өткізіліп жатқан сан-салалы қайырымдылық шаралардың дені жаны жомарттыққа жақын азаматтардың септігімен атқарылады. Алланың разылығы үшін жасалатын сауапты істерден қалыс қалмайтын, оны бар ниетімен орындауға ықыласты, шыншыл әрі адал саудагер бауырларымызбен Қарағанды №-1 мешітінің имамдары сұхбаттасып қайтты. Руханият әлемі мен адал кәсіптің екі дүниедегі сауабы турасында насихат айтылды. Иман мен амал, кәсіп пен нәсіп жайында туындаған сұрақтарға жауап берілді. Сырлы сұхбаттан соң дін жанашырлары болып жүрген «Шығыс» базарының кәсіпкерлеріне Қарағанды №1-мешітінің бас имамы Орманбет қажы Болатұлының атынан алғыс хат табысталып, естелікке Құран аяттары жазылған тақтайша сыйлыққа берілді.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="19637,19638,19639,19640"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін