Қазыналы қарттарымызға құрмет көрсетілді

«Бала қажы» мешітінің бас имамы Нұров Махмұт қажы Нұрұлы ақсақалдар мен ақ жаулықты апаларымызды қонақ қылды. Бас имам қазыналы қарттарымызды құрметттеу мақсатында «Сұлтан» мейрамханасында 100-ге жуық адамға арналған дастархан жайды. Елге еңбегі сіңген, қоғамда болып жатқан игі шараларға белсене күш салып, қайырымдылық істерде мешіт жанынан табылатын ақсақалдар алқасы мен өнегелі әжелеріміз шақырылып, астан дәм татты. Отырыста салиқалы әңгімелер айтылып, ата-әжелер бір-бірімен танысып, араласып, арқа-жарқа болып қалды. Қариялар осындай үлкен дастархан жайып, құрмет көрсеткен Махмұт қажы Нұрұлына алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді. Үлкенге құрмет көрсетуді жадында ұстаған бас имам Алладан қариялардың амандығын тілеп, келгендеріне алғысын білдірді.

«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="19887,19888,19889,19890,19891"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін