Абай аудандық мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

Қасиетті жұма Абай ауданы мешіті үшін жақсы жаңалығымен басталды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Абай аудандық мешітіне наиб имам тағайындалды. Жаңа лауазым иесі Абилов Марғұлан Балтабайұлы. Жас та болса бас болуға жараған жаңа наиб имам биыл ғана Астана қаласында "исламтану" мамандығы бойынша медресені тәмамдады. Жас маманның ендігі мақсаты медреседен жиған-терген білімімін халық пайдасына асырып, өзі де алдыңғы буын ағаларынан үлгі алу. Жас маманды жаңа қызметіне Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қарсенбай Дархан Асылтайұлы арнайы келіп, жамағапен таныстырды. Әрі қарай Дархан Асылтайұлы жұма намазына жиналған жамағатқа әсерлі уағыз айтты.

[gallery link="file" ids="19879,19880,19881"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін