Бас имам ауылдың жағдайымен танысты

Бұқар жырау ауданы мешітінің бас имамы Аманбол Рымқұлұлы Үштөбе ауылына барып, жамағатқа жұма уағызын айтты. Кішіпейілділік кісіліктің келбеті екені жайлы жиналған жамағатқа мән-мағынасы мол уағыз айтылды. Кейінде ғана сайланған ауыл мешітінің имамы Нығман Жандостың жұмысын пысықтап, біраз тапсырмалар жүктелді. Аудан имамы жұмаға келген қарияларға Құран кітап сыйлап, үлкендердің батасын алды.

Бұқар жырау ауданы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="20542,20543,20544,20545,20546"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін