Анасы мен баласы ислам дінін қабылдады

Бүгін Алланың ақиқатына көз жеткізіп, аналы-балалы отбасының мұсылман атанғанына куә болдық. Қарағанды облыстық орталық мешітінде  бұған дейін христиан дінін ұстанған анасы мен ұлы тілдерін кәлимаға келтіріп, Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі екеніне куәлік етті. Оларды өмірдің шым-шытырық жәйттері көп алаңдатып, бір құдіретті Жаратушының бары толғандырып жүрген екен.

 Осылайша анасы мен баласы мешітке барып көруді жөн көреді, Алла үйіне келгендегі сезімнің ерекше, өзгеше болғанын айтады өздері. Осыдан бастап ислам дініне деген қызығушылықтары артып, мешіт имамдарына сауалдарын қойып, толғандырған сұрақтарына жауап тапқандай болдық дейді. Имамдар қанаты кең ислам діні жайында тарқатып айтып береді. Міне, кейін ұлы мен анасы өз еріктерімен Аллаға мойынсынып, исламға бет бұрды.

Мешіттің азаншысы Арыстан Үсенов ислам әлеміне жаңа қадам басқандарға Хақ Тағаланың құдіреттілігі мен ислам құндылықтары жайында кеңінен айтып түсіндірді. Алдағы уақытта бұл кісілер Раббысының разылығына бөленіп, Алланың сүйікті құлы болуға жазсын!

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="20756,20757"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін