Мешіт жұмысы ілгерілеп келеді

Сарышаған ауылының мешітінде жамағат күн санап артып келеді. Дені жастар. Соларға аталық ақылын айтып, діни сауатын ашып жүрген Зейнолла молдамен Ақтоғай аудандық орталық мешіттің бас имамы Түкетаев Ардақ Әділханұлы көздесіп қайтты. Ауыл мешітінің ішкі-сыртқы ахуалымен танысып, мешіт жұмысы ілгерілеп қалғанына ризашылық танытты. Мешіттің іші таза, жылы. Зейнолла ата қысқы дайындыққа ерте кезден қамданған. Өңір тұрғындары жұма намазы мен басқа уақытта да мешітке келіп, ғибадаттарын үзбейді. Мешіт атынан жасалып жатқан қайырымдылық шаралары да көңіл қуантарлық. Ардақ Әділханұлы Зейнолла атаға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрт бағыт бойынша көрсеткен бастамаларын: көркем уағыз, қайырымдылық, жат ағыммен күресу және шәкірт дайындауды ары қарай да үзбей, аса ыждахаттылық тануты қажеттігін тапсырды. Зейнолла молда бас мүфтидің бастамаларына дән риза екендігін жеткізді.

Ақтоғай аудандық орталық мешіттің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="20974,20975,20976"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін