Қазақ күресінен сайыс өтті

«Жастар – елдің болашағы» акциясы негізінде Балқаш қаласы мешітінің бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлының басқаруымен Балқаш қаласының "ФОК" спорт кешенінде күрестен белдесу өтті. Әртүрлі жастар аралығында спортшылар бозкілемде бақтарын сынасты. Сайыс жайлы естіген жастар қызығушылық танытып, ұсыныстар көптеп түсті. Жастардың басын біріктіріп, қазақ күресінің тамырын тереңдетіп, кең дамуына үлес қосуды басты мақсат санайтын мешітіміздің нарқасқа азаматтары бозкілемде айқасқан талантты жастарға сый-сыяпат көрсетті. І-орынды Маулен Думан, ІІ-орынды Овчинков Андрей, ІІІ-орынды Ильясов Шыңғы жесңіп алды. Жүлделі орындарға ие болған спортшы жастарға мақтау қағаздары, кілем жіне техникалық заттар табыс етілді. Осындай игі шараны ұйымдастарған мешітіміздің бас имамы Е.М.Төлтаевқа халық ризашылық танытты. Елдің ертеңі болар жастар әрдайым бас имамның назарынан тыс қалмақ емес. Бұл сайыс спортшылардың ынта-жігерін оятып, қазақ күресіне деген қызығушылығын арттырды.

Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21240,21241,21242,21243,21244,21245,21246,21247,21248,21249,21250,21251"]  
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін