Д.А.Қонаев атындағы колледжде кездесу өтті

«Бала қажы» мешітінің бас имамы Нұров Махмұт қажы Елбасының Жолдауында айтылған діни міндеттемелерді Қарағанды өңірінің азаматтарына насихаттауда. Осы мақсатта Д.А.Қонаев атындағы коллледжге барып, білім ошағының қызметкерлері мен студенттеріне мол уағыз-насихат айтты. Ислам дінінің қанат жаюына, дамып-өркендеуіне Елбасының жүргізген дұрыс саясатының арқасында қол жеткізіп отырғанымызды тілге тиек етіп, дұрыс жолдан адаспауды ескертті. Діни экстремизмнің алдын алып, террорлық әрекеттерге себепкер болмауды ұқтырды. Алланы танып-білу, Исламның құндылықтарын меңгеру, діни сауатты кеңейтіп, тура жолда тәлім-тәрбие алғанның мол сауабы барлығы да айтылды. Өзге ұлт өкілдерін қызықтырған көптеген сауалдарға жауаптар берілді. «Н.Ә.Назарбаевтың осы жолғы Жолдауында айтылғандай елдің тыныштығы көршіңмен тату болғанда орнайды. Бірнеше ұлттан тұратын елімізде береке сақталуы үшін бір-бірімізбен татулығымызды үзбегеніміз абзал деді», - бас имам. Сондай-ақ, орайы келгенде өзге ұлт өкілдерінің хақ дінімізді мойындап, исламды қабылдап жатқандығын да айта кеткен жөн болар. Осындай келелі кездесулер оң нәтижесін беріп, көптеген жастарымыз тілін кәлимаға келтіріп, Алланың шапағатына бөленуде.

«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21407,21408,21409,21410,21411"]

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін