Мешітімізде теолог уағыз айтты

Еліміздегі діни бірлестікті сақтау мақсатында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан Республикасы бойынша ақпараттық насихаттау тобын құрған болатын. Қазіргі қиын-қыстау кезеңде осы топтың ең басты міндеті - еліміздегі жастардың діни ағымдардың етегінде кетіп қалмауын тоқтату. Осыған байланысты Қарағанды қаласында 10-11-ші желтоқсанда елімізге танымал дінтанушы, теолог, Иемен елінің Сана қаласындағы «Сәбә» университетінің түлегі, республикалық-ақпараттық насихаттау тобының мүшесі Арман Қуанышбаев уағыз атйтқан болатын, сонымен қатар Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде 11-ші желтоқсан күні Қазақстан республикалық-ақпараттық насихаттау тобының мүшесі, облыс әкімінің кеңесшісі, «Нұрлы білім» бірлестігінің басшысы Сыздыков Рүстем Малікұлы «Бірлік, ынтымақ және басшыға бағыну» тақырыбында жұма уағызын айтты. Жұма намазына жиналған жамағат айтылған уағызға дән риза болып, мешітіміздің ақсақалдары баталарын берді.

[gallery link="file" ids="21434,21435,21436,21437"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін