Жамағатпен бірге Құран хатым оқылды

Қарағанды облыстық орталық мешітінде жамағат пен шәкірттер және мешіт имамдары «Екінті» намазынан кейін Құран хатым оқыды. Енді бұл игі іс күн сайын жалғасын тауып отырады.

Ибн Масғуд (р.а.): «Кімде-кім Құранды күндіз хатым етіп оқыса, сол күні періштелер кешке дейін оған салауат айтып тұрады. Ал енді кім Құранды түнде хатым етіп оқып шықса, таң атқанша періштелер оған Алладан жарылқау тілеп шығады», – деген екен. Мешіт имамдарының осы істі қолға алудағы мақсаты да қасиетті Құранды оқудың сауапты істерден екенін білгенідігінде. Ардақты елші (с.ғ.с) «Құран оқыңдар, өйткені ол Қиямет күні өзін оқығандарға шапағатшы болып келеді», - деген болатын. Жамағатқа, шәкірттерге үлгі боларлық іс әрі қарай жалғасын таба береді.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21543,21544,21545,21546,21547"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін