Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық жасалды

Тәуелсіздік таңы атып, еліміз тату-тәтті, берекелі өмір сүруде. Егемендікті ту еткен халқымыз бүгінгі мерекені тойлап та кеткен. «Тәуелсіздік күніне» орай Балқаш қаласы мешіті де игілікті іспен айналысуда. Мешітіміздің бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлы қаладағы қамқорлыққа мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап келеді. Ербол Мұқанұлының бастамасымен «Жанашыр» қоғамдық бірлестігінде күн кешіп жатқан қарт кісілер мешіт атынан азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Наиб имам Айтқазин Рауан арнайы барып, мекемедегі қызметкерлер мен онда жатқан жандарды мерекемен құттықтап, тәтті тағамдарды тарту етіп, денсаулықтары сыр берген қарияларға жұбаныш болды. Осындай игілікті істі көпке үлгі ете Алла Құран кәрімде айтқан мына хадисін келтіруді жөн санадық: «Сондай қайыр істегендер, бергендеріне міндетсу, ренжіту араластырмаса, (беріп алып бұлданбаса, кейітпесе) оларға Раббыларының құзырында сыйлық бар. Сондай-ақ оларға қорқыныш жоқ, әрі олар қайғырмайды» (Бақара сүресі, 262).

Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21594,21595,21596"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін