Бас имам мешіт құрылысымен танысты

Бұқар жырау ауданы, Ғ.Мұстафин кентінде қайырлы іс қолға алынған болатын. Ауылда Алла үйі бой көтереді деп жоспарлап, уақыт өткізбей жұмыс басталып кетті. Қазіргі таңда мешіт қабырғасы қаланып, жоспардағыдай бөлмелері бөлініп қызу жұмыс жүргізіліп жатыр. Ел игілігіне салынып жатқан мешіттің жай-жапсарымен Бұқар жырау ауданы мешітінің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы танысып, көзімен көріп қайтты. Бас имам жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысына көңілі толатынын айтты. Мешітті толықтай Рамазан айына дейін бітіру жоспарда.

Аталмыш мешітке 200 адам сыятын намазхана, сонымен бірге асхана салынатын болады.

Бұқар жырау ауданы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21636,21637,21638"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін