Жат ағым жаныңды баурап алмасын!

Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясындағы діни кездесу жалғасын тапты. Балқаш қаласы мешітінің наиб имамы Валиев Ахмадуллох діни экстремизм тақырыбында келелі кездесу өткізді. «Қазақмыс» БЦМ қызметкерлері дін қызметкерлеріне жат ағымдар турасында көптеген сауалдар қойып, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауаптар берілді. Қазір Қазақстанның шекарасы ашылып, елге еркін кіре алуға мүмкіндік тғалы діни экстремизм мәселесі ушығып тұр. Соның алдын алу мақсатында өткізілген басқосуға көптеген қызметкерлер келген. Қазақтың салт-дәстүрімен жанасып келе жатқан ислам дінінің жамылғысын киіп, қитұрқы әрекеттерге апаратын жат ағымдардан бойды аулақ ұстау қажеттігі турасында уағыз айтылды. «Жат ағым жүректеріңізден орын алып, соның етегінен ілесіп кетпеңіздер. Сауатты ұрпақ елдің болашағы. Олай болса, мешітке келіп, діни сауат алып, көзқарастарыңызды дұрыс қалыптастырыңыздар»,-деді наиб имам.

Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21690,21691"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін