«Мұсылманның тұлғалық бейнесі» тақырыбында кездесу өтті

Адамның жан дүниесінің дұрыс қалыптасып, рухани бай болуы діни сауаттың молдығынан көрініс береді. Жас буынның діни білімін молайтып, дұрыс бағыт-бағдар көрсету мақсатында Балқаш қаласы мешітінің найб имамы Айтқазин Рауан С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия оқышуларымен кездесті. «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» тақырыбында мол уағыз айтты. Еліміздің болашағы болатын жастарға білім алудың қажеттілігі мен отансүйгіштікке тәрбиелейтін хадистер келтіріп, имандылық пен адамгершілікке шақырды. Қанатын кеңге жайып жатқан Ислам дінін дұрыс түсініп, тура жолмен жүру жайында мол кеңестер берілді. «Саналы, білімді, жүрегі Алла деп соғатын ұрпақтың ғана рухы биік, тұлғасы асқақ болады» деді найб имам.

Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21921,21922,21923"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін