Дін мен Отан тұтастығы турасында насихат айтылды

Өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының бекіткен жоспары бойынша дін насихатының пәрменділігін арттыру мақсатында қаламыздағы қайырымдылық мекемесіндегі жас шәкірттермен сұхбат өткізілді. Оған Қарағанды қалалық №1-мешітінің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы қатысып «Дін және Отан» тақырыбында шәкірттерге уағыз насихат жүргізді. Екі қастерлі ұғымды мұсылманның ұстанатын ұстанымы ретінде түсінуге шақырып, мұсылманның тұлғалық бейнесін қалыптастыратын қағидаларды да қамтыды. Бас имам сұхбат соңында балаларға бақыт тілеп батасын берді.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21979,21980,21981"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін