Сауатты елдің болашағы жарқын

Жастары салауатты қоғам ғана ешкімге тәуелсіз болып, еркін дами алады. Ал жастардың бойында діни білім болса, онда ол елді ішінен бұзу мүмкін емес. Өркениетті қоғамда әлемге танылып отырған Қазақстанды ішінен бөліп, ұлттың дінін, ділін құртқысы келген жат пиғылды топтардың арбауына ілесіп қалмау үшін жастарға ілім беру қажет. Соның ішінде діни сауатты кеңейту басты мақсат болғаны дұрыс. Сол себепті мешітіміздің найб имамы Айтқазин Рауан Балқаш қаласындағы политехникалық колледже болып, студенттерге уағыз айтып қайтты. «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын» таныстырып, адамдық құндылықтарды игеру жолдарын көрсетті. Жастардың бойында Отансүйгіштік қабілетті арттырып, ұлтын, халқын сүйіп, салт-дәстүрді құрметтеу қажеттігі жайында көптеген хадистер айтылды. Білім ошағының басшылығы да дін қызметкерлеріне осындай игі шараларды өткізіп отыруына қолқанат болып келеді. Ынта қойып тыңдаған жастар имамға сауалдары қойып, тұтымды жауаптар алды.

Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21989,21990,21991,21992"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін