Жаңа мектептің алғашқы жиыны имандылықтан басталды

Бұқар жырау ауданында облыс әкімінің қатысуымен жаңадан ашылған аудандық №1қазақ орта мектебіндегі алғашқы жиын имандылықтан басталды. Аудандық «Жыржыс қажы» мешітімен №1 қазақ орта мектебі қашанда ұлт болашағына алаңдаулы. Арнайы жоғары сынып оқушыларына ұйымдастырылған имандылық кешке аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы және «Нұр Мүбәрак» университетінде білім алып жатқан шәкірті Асылхан Темірханов қатысты. Екі сағат көлемінде өткен имандылық дәрісінде бас имам ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмаларына сәйкес ауқымды іс-шараларға уағыз насихаттарға тоқталды.

Өз кезегінде Асылхан Нұртайұлы білімнің негізі мен маңызын насихаттап ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын таныстырып кетті.

Кездесуге мектеп психологы Ш.Мукушева мен ІІМ қызметкерлері де келді. Әйелдердің құқығын қорғау инспекторы Айнагүл Искакова заң жағынан түсініктер беріп, ана ретінде оқушыларды инабаттылыққа шақырды. Оқушылар өз ойларын ашық жарқын қымсынбастан жеткізіп, шариғат қағидаларындағы талаптарды білуге ынтық болды.

[gallery link="file" ids="22031,22032,22033,22034,22035"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін