Марқалы өткен Мәуліт!

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнін мерекелеу әлі де жалғасын табуда. «Бала қажы» мешітінде жұма намазынан кейін бүкіл жамағат жиналып Мәуліт оқыды. Мешітте ине шаншар орын болмады. Халықтың мерекені тойлауға деген ынтасы жүрекке жылу ұялатады. Мешітіміздің бас имамы Нұров Махмұт қажы Нұрұлы Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен сыр шертіп, керемет мінезі мен көркем даналықтары жайлы көптеген хадистер айтты. Мешіт жамағаты жиналып, Алла елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтты. Мешіт имамдары Құран оқып, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірі мен өнегесі жайлы кітаптардан үзінділер келтірді. Қазыналы қарттар елімізге береке, бірлік тілеп, Алла қазақ халқына мамыражай өмір сыйласын деп бата қылды. Алланың рақымы мен мейірімін арттыратын Мәуліт мерекесі жайлы үгіт-насихат жалғаса бермек.

«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="22040,22041,22042,22043"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін