Ауыл оқушыларына ата-ананы құрметтеу жайында насихатталды

Фабрика ФорматовSAM_4836Нұра аудандық мешіттің бас имамы Құмар Қоныскерей Құланөтпес ауылының орта мектеп оқушылырымен кездесті.

Бүгінгі күні имамдар тек құлшылық етуші ғана емес, елдің көш түзеушісі, қоғамды тәрбиелеуші. Дін қызметкерлері мектеп оқушыларының тәрбиесі мен енді оңын-солын танып келе жатқан өрімдей жастарға дұрыс жол көрсетуді міндетке санайды. Ауданның бас имамы оқушыларға « Ата - ананы құрметтеу » тақырыбында әңгіме өрбітіп, дінімізде ата-ананың рөлінің биік екенін, тіпті, дінімізде әкең мен анаңа «түһ» деп ухілеуге, жекуге жол бермейтінін түсіндіріп берді. Ата-ана байлығың, барың деген бас имам оқушыларға ата-анасын құрметтеген, разы қылған бала мұсылмандардың ең жақсысы екенін айтты. Ауыл ұстаздары тағылымы мол кездесу үшін ауыл имамына алғыс білдірді.

Нұра ауданы мешітінің баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін