Қауіптің алдын алсақ, түнгі ұйқы тыныш болар...

Балқаш қаласының орталық мешітінің бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлы «Діни экстремизммен күрес» тақырыбын халыққа молынан насихаттап келеді. Бас имамның басшылығымен көптеген білім орындары мен кәсіпорындарда кездесулер болуда. Ербол Мұқанұлының қатысуымен бүгін де үлкен жиын өтті. «Қазақмыс Смелтинг корпорациясы Балқаш мыс қорыту зауыты» ЖШС қызметкерлеріне «Діни экстремизм және оның табиғаты, қоғамға қаупі» тақырыбында дәрістер оқылып, ашық сұқбат жүргізілді. Зайырлы мемлекетте өмір сүріп отырғандықтан, елдің тыныштығын ойлау барша халықтың басты мақсаты болуы абзал. Дінге, ұлтқа, тілге бөлінбей бір шаңырақ астында тату тұрғанның ұйқысы тыныш болмақ. Сол үшін де елге қауіп төндіріп тұрған экстремистік әрекеттерге бой алдырмау қажет. Қатердің алдын алып, сақтық шараларын қарастырған абзал. Осы секілді өзекті мәселелер қамтылған жиыннан көпшілік оймақтай ой түйіп қайтты.

Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="22298,22299,22300"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін