Бас имам қарттар үйінде қонақта болды

Қарағанды қалалық №1-мешітінің бас имамы Орманбет Болатұлы Қарағанды облысы, Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің №1 медициналық-әлеуметтік мекемесінің тұрғындарымен кездесті. Қарттармен жүздескен бас имам олардың хал ахуалымен танысып, діни және дәстүр төңірегінде сұхбат құрды. Мұсылманның сипаты топтастырылған кітапшаларды таратты. Дүниеден өткен ата-бабалар рухына дұға бағышталды. Бас имам алдағы күндері мерекелік шаралар ұйымдастырып, қарттарға дастархан жайып көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды жоспарлап қайтты.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="22309,22310,22311,22312,22313,22314"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін