МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ МЕКЕМЕСІНДЕ «СУИЦИД» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Жезқазған қаласында 20-22 қаңтар аралығында мамандандырылған күзет мекемесінде «суицид» тақырыбында кездесу өтті. «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің бас имамы Мәди Тоқпанұлы полиция қызметкерлеріне қоғамда өз-өзіне қол жұмсаудың үдеп бара жатқанын айта келе, осы кесапаттың алдын алу үшін біріге жұмыс жасауым керек деді өз сөзінде.

Бас имам ажалы келмей, өзін өлімге қиюдың шариғатта жазасы ауыр деп, мұндай сұмдыққа бармаудың жолы имандылықты күшейту, қандай жағдайда болмасын әділетті болу керектігін түсіндірді.

Алдағы уақытта аталмыш кездесулер жиі болып тұратынын хабарлады. Шен қызметкерлері де мұндай кездесудің жағдайды ушықтырмай шешуге мол септігін тигізетінін айтты.

[gallery link="file" ids="22343,22342,22341,22340"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін