ТІЛСІЗ ЖАУДАН ПАНАСЫЗ ҚАЛҒАН ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Жезқазған қаласы, Рыбачи елді мекенінде қыс мезгілінде бір отбасы баспанасыз қалды. Күтпеген жерден үйлері өртке оранған жанұя екі баласын құшағына алып, таңғы мезгілде далада қалған болатын. Бұл жағдайды естісімен мешіт ұжымы арнайы барып, жәрдем көрсетті. Үйсіз-күйсіз қалған отбасыны мешіт ұжымы қала ішінен 3 айға тегін бір пәтерге орналастырды.

Қасиетті жұма күні от шалған үйдің отбасына көмек ретінде мешіт жамағаты жиналып қаржылай жәрдем жасады. Алдағы уақытта баспанасыз қалған отбасына мешіт жамағаты асар ұйымдастырып, өртенген үйдің екі бөлмесін жөндеп беруіне үлестерін қосатын болады.

[gallery link="file" ids="22344,22345"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін