АҚШ атынан Олимпиадаға хиджап киіп қатысады

ibtihaj1Ибтихадж Мұхаммад Бразилияның Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға АҚШ атынан қатысатын алғашқы орамалды қыз болмақ. Ол өткен аптада семсерлесуден Афинада өткен әлем Кубогына таласта Америка Құрама Штатының атынан қатысып, ІІІ орынды иеленеді. Осы жеңісі оған жазғы Олимпиадаға АҚШ-тың спортшылар құрамына кіруіне мүмкіндік туғызды.    30 жастағы семсерлесудің шебері өз сөзінде: «Адамдар орамал таққан спортшы қыз Олимпиадаға қатысады дегенді елестете алмайды. Мен сол қағиданы бұзып, ұлт, нәсіл, діни сенім адамның жеңіске жетуіне кедергі бола алмайтынын дәлелдегім келеді», – деді.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін