Франция, доғар!

францияАдам құқығын қорғау ұйымы (HRW) мен Рақымшылық Халықаралық ұйымы (Amnesty International) Франция халқын қарашаның 13-і күні Парижде болған террористік оқиғадан соң Францияда белең алған мұсылмандарға қарсы қара пиғылды әрекеттері мен  кемсітушіліктерді доғаруға шақырды.  

Аталған екі ұйымның ресми сайттарында жарияланған есептерінде Франция полицияларының 7 жастағы баладан 70 жастағы қарияға дейінгі мұсылмандардың бәрін тегіс нысанаға алып, себепсізден себепсіз ілік іздеп, шектен тыс күш көрсеткендерін мәлімдеген. Сондай-ақ, есепте полициялардың мұсылмандардың үйлерінен бастап, кәсіпорындарына дейін, тіпті Алланың үйі – мешітке дейін баса-көктеп кіріп, тіміскілеп, Қасиетті Құран Кәрімді лақтырғандары да тіркелген. Сондай-ақ, мұсылман кәсіпкерлердің жұмыс орындарындағы орынсыз тексерулер мен күш көрсетулер де адам құқығына қол сұғу ретінде атап өтілген. 

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін