Игі бастама қолға алынды

Балқаш қалалық орталық мешітінің бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлы игі бастаманы қолға алды. Сенбі күні өңір тұрғындары мен мешіт жамағатына ас беріліп, уағыз айтылды. Әр апта сайын жүзеге асатын бұл игі шара әртүрлі тақырыптарды қамтып, уағыз-насихат айтылатын болады. Бүгінгі басқосуда Ербол Мұқанұлы «Қабірдегі адамның жағдайы» тақырыбында уағыз айтты. Бас имам бүкіл жиналған жас-кәріге өлімді жиі еске алып, Аллаға құлшылықты арттыру қажеттігін баса айтты. Мешіттің жайған мол дастарханынан дәм татылып, кеш соңында Құран оқылды.   Балқаш қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі [gallery link="file" ids="22576,22577"]  
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін