«Басыма емес, ішіме қарап үкім шығар»...

ХиджапБосния және Герцеговинаның астанасы Сараевода басына жаулық тартқан жандар «Шариғат шәлісі – менің құқығым, менің таңдауым» деген ұрандармен алаңға шығып, шеру ұйымдастырды. Нәзік жандылардың көшеге шығуына елдің жоғарғы сотының «діни символдарға тыйым салу» туралы қарары себеп болып отыр. Алаңға шыққандар бұл қарарды адам құқығына қолсұғушылық деп бағалап, «Шариғат шәлісі менің құқығым», «Маған басыма қарап емес, ішіме қарап үкім шығар», «Шариғат шәлісі менің куәлігім» деген секілді ұрандар көтеріп шықты. Бұл қарарға байланысты Босния және Герцеговинаның тек Сараево қаласында ғана емес, сонымен қатар өткен аптаның басында Тузла, Мостар, Каканж, Горазде, Бихач және Травник қалаларында да наразылық көрсетілді.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін