Тамақты қоқысқа тастағандар жазаланатын болады

25168_1159742368Франция супермаркеттерінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тамақтарды қоқысқа лақтыруға тыйым салды. Заңға бағынбағандар айыппұл мен басқа да әкімшілік жазаға тартылатын болады. Тамақтардың мерзімі асып кетпестен бұрын дүкен сөрелерінде қалып қоймаудың жолын да ойластырып қойды. Мысалы, өтпей қалған нан тағамдарын супермаркет ұжымы көмекке зәру жандарға таратып беруі керек. Сондай-ақ тауардың сыртқы жағында ақау болған жағдайда да (қабы жыртылу, сыдырылып қалу) тастауға болмайды. Франция әлем бойынша аталмыш заңды енгізіп отырған тұңғыш ел. Франция еліндегі ірі супермаркеттердің сақтау мерзімі асып кетті деп азық-түліктерді лақтыруы, осы заңнаманың қабылдануына себеп болды. Франция парламенті жаңа заң кем дегенде 10 млн мұқтаж жандарды тамақтандыруға жағдай туғызады деп отыр.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін