Ресейліктер мұсылмандардың көңілін табуға кірісті

shutterstock_337233497-pic668-668x444-36436Ресейліктер сиреп кеткен еуропалық туристердің орнын толтыру үшін Оңтүстік-шығыс Азия мен мұсылман мемлекеттеріне бет бұра бастады. Осы елдердің туристерін тарту үшін қонақүй стандарттарын солардың ыңғайына қарай сәйкестеуді қолға алуда. Осыған орай, қонақүйдің ас мәзірін халал тағамдармен толықтырып, қызметкерлерін мұсылмандық этикаға, ислам құндылықтарына, халалдың не, харамның не екеніне үйретуде.

         Ресей қонақүй қауымдастығының директоры Геннадий Ламшин: «Бұған дейін елге батыс туристері көптеп келген болса, бүгінде шығыс және оңтүстік-шығыс мемлекеттерінен келушілер қатары артуда», ­– деп мәлімдеді. Қазір қонақүйлерге табыс әкелушілер мұсылмандар болғандықтан, олардың талап-тілектерін ескеріп отыруды қолға алды.

Осыған байланысты көптеген қонақүйлер қызметтерін халал стандартқа сай жүргізу үшін арнайы халал стандарттау және сертификаттау орталықтарына келіп жатқан көрінеді. «Халяль-Френдли стандарт» стандарттау және сертификаттау жүйесінің сарапшы-аудиторы Ильдар Мусин кейінгі кездері «Халяль-Френдли стандарт» бағдарламасына Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Уфа және Сочи қалаларының қонақүйлері мен мейрамханалары да қосылып жатқанын жеткізді. «Сұраныстар Ресейдің өзге де қалаларынан келіп түсуде. Бағдарламаны Ресейтуризмі ведомствасы мақұлдаған. Бұл бағдарлама Visit Russia жобасымен бірге шетелдік нарыққа да шыға бастады», – дейді И.Мусин. 

«Халяль-Френдли стандарт» стандарттау және сертификаттау талаптары да қатал екенін айта кету керек. Халал ас әзірлеуге қажет тағамдар мен ыдыс-аяқтар исламда тыйым салынған харам астардан бөлек тұруы тиіс. Қонақ үйдің ішінде құлшылық етуге арналған жеке бөлме (немесе ғимаратқа жақын жерде мешіт) болуы міндетті. Келген қонақ жайнамаз бен Құран сұраса, тілегін орындайтындай мүмкіндік болу керек.  

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін