АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ СИҚЫРДАН ЕМДЕЛУДІҢ ЖОЛЫН АЙТТЫ

photo_3Бүгінгі күні елімізде соқыр сенімге сенгіштер мен сиқырлықты үлкен бизнеске айналдырушылар жиілеп кетті. Осыған байланысты газет беттері мен ғаламторда «болашағыңды болжаймын деп сиқырлап, дуалап, сан соқтырып кететін алаяқтардан сақ бол» деген хабарландырулар көбейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы оқиғаға алаңдаушылық білідіріп, мұсылмандарды неше қилы сиқыр мен дуадан қорғау үшін қарқынды жұмыс атқаруда. Бас имам Нұрбек қажы Есмағанбетов: «Шариғат бойынша сиқыр үлкен күнә, оған сенген және онымен айналысқан адам қиямет күні ауыр жазаға тартылады, болашақты болжау, сиқыр Аллаға серік қосу болып табылад», – дей келе, қара дуаның емі – Құран, Құран оқу мен Мұхаммед пайғамбарымыздың (ﷺ) сүнеттері арқылы айығуға болатынын айтты. «Бұл әдістерді әрбір адам өзі орындай алады, егер ол нақты қайсысын оқу керек екенін білмесе, дін жолында жүрген, шариғат амалдарын жақсы білетіндердің көмегіне жүгіну керек»,  – деді.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін