НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қарағанды облыстық орталық мешітінде жаңа наиб имам сайланды. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы наиб имамдық қызметіне тағайындалды. Бүгін қасиетті жұмада жаңа наиб имамды арнайы тағайындап, жамағатпен таныстырды. Ол осыған дейін 5 жылдың көлемінде ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамының көмекшісі  қызметін атқарып келген. Нұр Мүбәрак діни университетін биыл тәмамдайтын Нұржігіт Оразалыұлы Діни басқарманың сынақтарынан сүрінбей өтіп,  Қарағанды облысына найб имам болуға лайық деп табылды. Қарағанды облыстық орталық мешітінде бүгінге дейін 5 найб имам қызмет етсе, енді саны біреуге көбейді. Діни басқарма Қарағанды облысына Жезқазған өңірінің қосылуы мен облыстың ауқымы үлкенін ескере отырып және әкімшілік істерге жауапты тағы бір дін қызметкерін көбейтуді құп көрді. «Ендігі міндет өңірдің діни ахуалын жақсарту үшін, аянбай қызмет ету», – деді облыстың өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі   [gallery link="file" ids="22677,22679,22678"]  
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін