Тыққан ақшасы құмырысқаның жемтігіне айналды

d027888c6599182cd3e11e(1)Қытайдағы кейбір көне дәстүрмен ойлайтындар ақшасын банкке сақтағаннан гөрі, өздері тығып ұстағанды қауіпсіз деп ойлайды. Сондай адамдардың біреуінің жерге көмген жиырма мың юань ақшасы үгіндіге айналған деп хабарлайды BAQ.KZ.    Қытай Орталық телеарна торабының дерегінше, Чи Шыңли атты қария ұзақ жыл тірнектеп жиған ақшасын, жерге көміп қойған екен. Әлдебір қажетіне жаратпақшы болып, юаньдарын қайта қазып алғанда, полиэтилен дорбаға ораған ақшасының әлдеқашан ағаш үгіндісі секілді ұнтаққа айналып, құрт-құмырысқаның жемі болғанын бір-ақ көріпті. Қытай көсемі Маоның басы бейнеленген қызыл ақшалар қоқымға айналған. BAQ.KZ         
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін