Терроризмге жол жоқ!

Халықтың санасына жат «терроризм» ұғымы жайлы қарапайым жұрт нақты көп мәлімет біле бермейді. Жұрттың зәресін ұшыратын бұл ұғым жайлы тың ақпарат беруді дін мамандары қолға алған. Балқаш қалалық орталық мешітінің бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлы осы мақсатта Балқаш қалалық ішкі істер Басқармасында кездесу өткізді. Шенді қызметкерлерге діни экстремизмнің алдын алу мақсатында көптеген ұсыныстар білдірді. Сондай-ақ, халықпен етене қызмет жасайтын құқық қорғаушы мамандарға «терроризм» ұғымы туралы және террорлық әрекеттерге апаратын жат ағымдар жайында уағыз айтты. Жат ағым турасында айтылған жайларға саналы түрде қарап, өте мұқияттылықты талап ету қажеттегін де ескертті. Жасөспірімдермен жұмыс жасайтын мамандарға баланың санасына дұрыс ақпар беру үшін, атқарылатын іске ыждахаттылық танытқан абзалдығы да ескерілді. Осы тақырып аясындағы кездесу Балқаш қаласындағы әскери бөлімде жалғасты. Балқаш қалалық орталық мешітінің наиб имамы Айтқазин Рауан кездесу басында болып, тақырыпты кеңінен ашты. Әскер бөлімінің қызметкерлерімен қатар, жиынға борышын өтеп жүрген азаматтар да қатысты. Р.Айтқазинға сауалдар қойып, сала мамандары да тың ақпаратпен қанықты. Тақырып ауқымы кең әрі өте маңызды болғандықтан, кездесу аясын кеңейткен мешіт имамдары мектеп оқушыларына да мол ақпарат беруді мақсат тұтқан. №25 орта мектепте кездесу өткізіліп, наиб имам А.Валиев жасөспірімдерге діни тақырыпта мол уағыз айтты.  Террорлық әрекетке апаратын жолдар мен олардан сақтану шаралары да камтылды. Мектеп оқушыларымен қатар, ұстаздар да жиыннан мол ақпарат алды. Балқаш қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі [gallery link="file" ids="22823,22822,22821,22820"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін