Тілінен тапқан жігітті түрмеге жапты

38cc5490Facebook әлеуметтік желісінде «Азап шеккен ерлердің күнделігі» атты парақшасы бар администратор Таймур эль-Собки түрмеге тоғытылды. Египет телеарналарының бірінде болған ток шоуда мұсылман әйелдерге жала жапқаны үшін Собки Египеттің бас прокуратурасының жарлығымен қамауға алынды деп хабарлайды Al Arabiya. Ол эфир үстінде египеттік әйелдердің екіден бірі өз ерлерінің көзіне шөп салады деп айтқан. Бүгінгі күні әйелдердің оңды, солды жүруі қалыпты жағдайға айналған дегені де бар. Блогер аяқ астынан мұсылман әйелдеріне нақақтан-нақақ жала жауып, айыптыға айналды. Енді ол 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал ток-шоу 15 күнге эфирден алынып тасталды.   Суреттегі: Таймур Эль-Субки
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін