Адамдарды тегін таситын «астаналық» жігіт

[gallery columns="1" size="medium" ids="22900"] Қазақстанда «Жақсылық жаса» атауымен ауқымды акция өтуде. Халықтың көбі қолдарынан келген көмектерін көрсетіп, ат салысып жатқанын әлеуметтік желідегі жазбалардан байқауға болады. Солардың бірі Астана қаласының тұрғыны Арман Шекимов. Ол өзінің бос уақытында жеке көлігімен мұқтаж жандарды тегін жеткізіп салып, алып келіп, мәселелерін шешуге көмектеседі. Арман Tengrinews.kz ресми сайтына берген сұхбатында мұндай идеяның ойламаған жерден келгенін айтады. «Мен сауда психологиясының тренинг-менеджерімін, жұмыс күнде бола бермейді. Бос уақытымды диванда шалқадан түсіп жата бергенше, осындай игі істерге жұмсағаным дұрыс болар деп шештім. Бірде бір танысыммен сөйлесіп отырғанымда, ол өзінің аяғынан жүре алмайтын құрбысы бар екенін, оған көмек керектігін айтты. Ол қыз жалдамалы есепші болып жұмыс істейді екен. Керек жеріне жеткізіп жүрдім. Алғашқы жұмысым осылай басталды. Кейін менің телефон нөмірім жан-жаққа тарала басталды. Ниет білдірушілер де көбейді. Сосын басқалар да білсін деп, Facebook әлеуметтік желісіне жазып едім, көп пікірлер қалдырып, көмек керек қаншама жандар хабарласты. Дос болып та кеттік», дейді ол. [gallery columns="1" size="medium" ids="22898"]   «Бұл жазбаны жазудағы мақсатым өзіме жарнама жасайын дегенім емес. Кейбіреуі «сіз тегін жеткізіп салады дейді» деп хабарласып жатады. Апарып салу деген ол такси қызметі сияқты бір орыннан  екінші бір орынға жеткізіп салу. Ал менің мақсатым ол ғана емес, сондықтан да қасыма ­серік болатын, қолғабыс қылатын жандар табылса нұр үстіне нұр», деп қосты. Арманның айтуынша, аптасына 100-ге жуық адам хабарласады. Оның ішінде баласы сал ауруымен ауыратын көп балалы ана, көзі көрмейтіндер, қарауы жоқ қарттар бар. Ол жастарға «кешке жақын сыра ішіп, темекі шегіп уақытты текке кетіргенше, көмекке зәру жандарға қолғабыс етсе қандай жақсы болар еді» дейді. [gallery columns="1" size="medium" ids="22899"]      
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін