Рахмет айт та, тегін киін!

Қарағандылықтар «рахмет» айтып, дүкеннен тегін киім ала алады.  Tengrinews.kz-тің хабарлауынша,  қалада бірінші рет тегін тауар беретін дүкен ашылды.   [gallery link="file" columns="1" size="medium" ids="22971"] Дүкен мүмкіндігі шектеулі, отбасылық жағдайы төмен жандарға арналған. [gallery size="medium" link="file" columns="1" ids="22972"]   Аталмыш жоба  Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы  Іскер әйелдер Кеңесінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр. Кеңестің төрайымы Әлия Садырбаева мұндай идеяны «семейлік» әріптестерінен алғанын айтады. [gallery link="file" columns="1" size="medium" ids="22973"] «Әріптестеріміздің бірі Семей қаласында осы сынды дүкен ашқанын естіп, назарым ауа бастады. Бізде де ашсам деген ой тыным бермей, жүзеге асыруды қолға алдым. Басында өз киімдерімізді алып келдік. Қазір күнде бірнешеуі хабарласып, киім-кешектерін алып келіп жатады, зәру жандар керісінше керектеріне қол жеткізіп жатыр», дейді ол.   Дүкен екі аптадай ғана жұмыс істейді. Керексіз киім-кешектеріңіз болса, барып өткізіп, мәжбүр жандар ұнағанын алса болады. Мекен жайы: Ермекова көшесі, 3 үй. Әлия Садырбаеваның айтуынша, аталмыш шара тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта Балқаш пен Қарқаралыда ашу ойда бар.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін