Сауатсыздықпен күресудің жолын тапты

Индонезияның Ридван Сурури атты тұрғыны ауылды жердегі жаппай сауатсыздықпен күресудің тиімді жолын ойлап тапты. Ол «Kudapustaka» деген атаумен жылжымалы кітапхана ұйымдастырды. Бес баланың әкесі аптасына үш рет аймақтағы барлық ауылдарды атымен аралап, балаларға арналған кітаптар таратады. a_4 Бастапқыда өзінде небәрі 136 кітап  болған. Қазір оның осы ерекше кітапханасын  әлеуметтік қорлар естіп,  оқулық саны 1000-ға дейін көбейген. Жылжымалы кітапханалар мен осы сынды өзге де көкжиегіңді кеңейтіп, білімге бастайтын еріктілердің ұйымдастыруымен өткен жобалардың арқасында Индонезия халқының сауатсыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік туды. Үлкендер арасындағы сауатсыздық 15,4 млн-нан 7,5 млн-ға дейін түскен.  
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін