Сириялық балалар болашақта кім болады? (ФОТО)

Фотограф Мередит Хатчинсон (Meredith Hutchison) өмірдің ғаламат күш екенін көрсеткен ерекше фотожоба өткізді. Адамдардың өмірден қанша теперіш көрсе де, армандауына еш кедергі бола алмайтынын осы суретке қарап ұғынуға болады. Босқындар лагерінде соғыстан қашып шыққан сириялық балалар өздерін өскенде кім болғысы келсе, сол кейіпке еніп, бір сәт елестетіп көрді. 184562-INNERRESIZED600-700-11   Сұрапыл соғыс оларға қатты соққы болғанымен, алайда балалардың өмір сүруге деген құлшынысы мен асқақ армандарын өшіре алмады. 184563-INNERRESIZED600-700-2

Малак, 16 жаста. Полиция офицері

«Мен әрдайым полиция болуды армандаймын, себебі олар тек бізді қорғап қана қоймайды. Полиция сонымен қатар әділеттілік пен тәртіп орнатады». 184565-INNERRESIZED600-700-3

Фатима, 11  жас. Хирург

«Бұл суретте мен өзімді қадірлі хирург ретінде көрдім. Мен денсаулығы нашар әкемді емдеп жазу үшін дәрігер болғым келеді».

    184564-INNERRESIZED600-700-4  

Мунтаха, 12 жас. Фотограф

" Мен суретке түсіруді бұрыннан жақсы көремін. Сурет арқылы адамдарға өмірдің тек әдемі тұстарын ғана емес, ғажайыптары мен қоқыныштарын да көрсету маңызды деп санаймын». 184568-INNERRESIZED600-700-5

Хая, 12 жаста . Астронавт.

" Мен мектеп кезінен астрономия сабағында планеталар мен жұлдыздар туралы біле бастағанымнан бері астронавт болуды армандап келемін. Менің ортамда мұндай арманға жету қиындау болады, өйткені көп адамдар қыз бала астронавт бола алмайды деп айтады". 184569-INNERRESIZED600-700-6  

Хиба, 9 жаста.  Балалар дәрігері

"Мен әрдайым балаларға көмектескім келеді. Мен өте мейірімдімін, сондықтан да балалардың өмірін маған сеніп тапсыратындай дәрігер  болу қолымнан келеді ". 184566-INNERRESIZED600-700-11  

Фатима, 16 жаста. Архитектор

184572-INNERRESIZED600-700-10

Фатима, 12 жаста. Мұғалім

184570-INNERRESIZED600-700-9

Марва, 13 жаста. Суретші

islam-today.ru

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін